Ұлттық сараптама орталығының жаңалықтары

ҰКП 40-тан астам қызметкері сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша оқытудан өтті
Более 40 сотрудников НЦЭ прошли обучение по внедрению систем менеджмента качества 13.09.2019

Заманауи компаниялардың жетістігі сапа - өндіріс процестерінен өнім мен қызметке дейін анықталатыны бәріне белгілі.

Іс жүзінде күн сайын тұтынушылардың көбісі бизнесті жүргізудің алғышарты ретінде тәуелсіз сертификаттау арқылы сапа дәлелдерін талап етеді.

Ұлттық сараптама орталығы күнделікті қызметінде осы қағиданы ұстанады.

Сонымен, сапа менеджменті жүйесін енгізу аясында Ұлттық сараптама орталығының қызметкерлері ҚР СТ ИСО 9001-2016 талаптарына сәйкес оқытылды.

Тренинг барысында ҚР СТ ИСО 9001-2016 стандартының талаптары, сапа менеджментінің негізгі принциптері, бизнес-процестер, ұйымды басқару жүйесі, менеджмент жүйесінің ішкі аудитіне қойылатын талаптар, жетілдірудің негізгі қағидалары анықталды.

Сонымен қатар, Республикалық оқу-консалтингтік орталықтың мамандары ішкі аудит жүргізу және сәйкессіздіктерді анықтау бойынша білімдері мен дағдыларымен бөлісті.

Соңында тренингтің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды. Осылайша, Ұлттық сараптама орталығының өзіндік ішкі аудиторлары бар. Оқыту барысында алған білім мен дағдылар басқару жүйесін құруда, енгізуде, жетілдіруде, сонымен қатар басқаруда қолданылады.

Сурет галереясы